Коллекторлық агенттіктерге қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша 14 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды

Күні: 12:11, 23-01-2019.

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – 2018 жылы коллекторлық агенттіктерге қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша 14 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Коллекторлық агенттіктерге қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша 14 (он төрт) санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды», - делінген хабарда.
Сонымен, 5 санкция «Фёрст Коллекшн» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Қайнар» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «СВД» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Кредит Коллекшн Групп» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Бірінші Коллекторлық Бюро» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Нұр Комитет» коллекторлық агенттігі» ЖШС-ге ескерту және айыппұлды өндіріп алу түрінде қолданылды.
«Жазбаша нұсқама түріндегі 9 шектеулі ықпал ету шарасы «Ұлттық өндіріп алу қызметі»-2» коллекторлық агенттігі» ЖШС, "Дельта М Қазақстан» коллекторлық агенттігі», "Эксперт Плюс" коллекторлық агенттігі» ЖШС, «ПАРИТЕТ»-2 коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Legal Collection» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Қайнар» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «КАВД коллекторлық агенттігі» ЖШС және «Бірінші Коллекторлық Бюро» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «СВД» коллекторлық агенттігі» ЖШС-ге қолданылды», - делінген хабарда.
Ақпаратта аталып өткендей, Ұлттық Банкке қарыз алушылардан коллекторлардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты өтініштер түсуде. Негізгі шағым-талаптар борышкермен өзара іс-әрекет тәртібін бұзуға байланысты, ол Заңның 5-бабында айқындалған.
«Жүргізілген талдау нәтижелері коллекторлық агенттіктердің: Заңның 15-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына байланысты, осыған сәйкес коллекторлық агенттік борышкермен өзара іс-қимыл жасасу процесін коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимыл жасасқан күннен бастап алты ай бойы сақтауға міндетті; борышкердің талап етуі бойынша коллекторлық агенттіктің берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыруы бойынша өкілеттілігін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмесін бермеуге, сол сияқты борышкердің мекенжайына берешек бойынша жалған ақпаратты жіберуге қатысты борышкермен өзара іс-қимыл тәртібіне байланысты бұзушылықтарға жол бергендігін көрсетті», - делінген хабарда.
Ұлттық банк ақпарынша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық Банкте есептік тіркеуден 139 коллекторлық агенттік өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: