Константин Аушев: Қазақстандық ІТ-нарықтың жалпы нарық көлемі шамамен Т1,5 трлн маңында

Алматы. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. IT-нарық туралы: «қызықты жобалар» .үлесі, процестердің роботтануы, ескіше реттеу және инновациялық жүйелерді енгізу жобаларының бір мекемеге бірнеше миллионға бағаланаты туралы нарық қатысушысы – Қазақстандағы KPMG аға менеджері, ІТ саласындағы кеңес беру жетекшісі Константин Аушев әңгімелеп берді.

- Константин, сіз қазақстандық ІТ-нарықтың ағымдағы жағдайын және соңғы бірнеше жылдағы динамиканы қалай бағалайсыз?

- Біз «Зерде» («Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ) холдингімен ақпараттық-коммуникациялық технология нарығы бойынша зерттеу жүргіздік. Егер зерттеу нәтижелерін қарар болсақ, өсім динамикасы бар соңғы жылда – жалпы нарықты шамамен Т1,5 трлн деп бағалаған жағдайда 3% деңгейінде, бірақ бұл байланыс нарығын қоса есепке алғанда. Яғни динамика бар, бірақ көңілдегідей емес. Бұл ретте компаниялардың 90%-на жүргізген сауалнамада Қазақстанда да, әлемде де олар жылдан жылға IT –ге бөлінетін бюджетті арттырып жатқанын айтады, оның ішінде жартысы бюджетті бір жарым есе арттыруда. Сұраныс төмендемейді, ал теңгемен, әлбетте, өседі, көптеген мекеме үшін ол валютамен де өседі.

- Сіз 2018 жылғы өсімді бағалай аласыз ба?

- Биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік салалардағы түрлі мекемелердің басшылық құрылымында өзгерістер болды, бұл сатып алу хабарламаларында түрлі кідірістерге алып келді, ал бұл нарық құрамдасының азғанасы ғана. Және биыл нарықта қызықты жобалар болғанына қарамастан, жалпы төмендеу басталуы да мүмкін.

Қызықты жобалар банкте және өндірістік компанияларда бар

- Қызықты жобалардан мысал келтіріңізші?

- Біз соңғы екі жылда қатысқан жобалар арасында блокчейн бойынша жобаларды атауға болады, олардың бір бөлігі қандай да бір реферантты зерттеулерге қатысты емес, блокчейн негізінде жүйелерді жобалау мен әзірлеуге қатысты болатын. Аталмыш жүйелер әлі әзірлену үстінде, сондықтан егжей-тегжейлі жайып сала алмаймын. Жалпы олар сатып алуларды жылжытуға, активтер тізілімін жүргізуге қатысты.
Блокчейннен басқа мәліметтерді, клиенттердің әрекетін талдау, банктік процестерді роботтау саласында да қызықты жобалар бар. Автоматтандыруды құрамдау бойынша да жобалар болды, ол ERP класындағы жүйе емес (өндіріс және операция интеграциясының ұйымдастырушылық стратегиясы, кәсіпорын ресурсын үздіксіз теңдестіру және оңтайландыруға бағытталған еңбек ресурсын, қаржылық менеджментті басқару және активтерді басқару – ҚазТАГ), барынша күрделі, инфрақұрылымдық технологиялық нысандарды басқаруға қатысты жобалар. Топтың жылдық кірісінде ІТ саласында кеңес беретін нағыз диджитал-жобалар әзірге 10-15% ғана құрап отыр, бірақ олардың саны мен оларға деген қызығушылық артып келеді.

- Клиенттердің әрекетін талдау жүйесі нені білдіреді?

- Бұл клинттің өзі тудыратын мәліметтер талдауының жүйесі: ол қандай транзакциялар жасайды, қандай сатып алулар жүргізеді, қандай тетіктерді басады, оның геолокациясы, орнын ауыстыруы бақыланады, яғни оның әрекетін тізбектеп қалпына келтіру үшін және осыдан келе жеке ұсыныстар жасалады.

- Қайда, экономиканың қандай салаларында бұл қолданылады?

- Біздің жаһандық зерттеулеріміздің бірі Fintech 100 (Инвесторлардың көзқарасы бойынша 100 ең қызықты фитнес стартаптардан тұрады – ҚазТАГ) мәліметіне сәйкес әлемде бүгінде сақтандыру секторына, ритейлге, логистикаға басымдық беріледі. Нақ осы салаларда инвесторлар мен ІТ-компаниялар мәліметтерді талдау технологиясын, жасанды интеллектіні қолданады.
Қазақстанда осы үш сала соншалықты ірі және барынша шашыраңқы емес, сондықтан осындай технологияны қолдануды ең алдымен қаржылық және өнеркәсіптік сала жүзеге асырады. Өнеркәсіптік компаниялар мәліметтер талдауы саласында пилоттық жобаларды жүзеге асыра бастайды, яғни «цифрлық егіздер» - барлық өндірістік тізбекті жүзеге асырғанға дейін үлгілеу.

- Қазақстанда логистиканың дамуы жаман емес секілді ...

- Логистика жақсы дамып жатыр, логистикаға оныз да сұраныс жоғары. Біз логистика операторларымен әңгімелестік, олар инфрақұрылымның дамуына бар ынталарымен қаржы салады, бірақ цифрлық бастамалардан үлкен құндылықты көріп отырған жоқ, сондықтан цифрлануда біздің логистикалық компанияларды алғаш жол салушылар деп атауға болмайды.

- Өндірістік компаниялардан бір-екеуін атаңыз.

- Цифрландыру бүгінде бүкіл компаниялардың күн тәртібінде тұр. Соның ішінде «Цифрлы Қазақстан» мембағдарламасы аясында ұлттық компанияларға экономиканың бүтіндей бүкіл саласын цифрландыру бойынша басты рөл беріледі. Шын мәнінде, бұл кейде кешенді цифрландыру және бизнес-үлгілердің өзгеруінде емес, жекелеген функцияларды автоматтандыру бойынша жобаларда қалыптасады. Жыл бойы «Казцинк» ЖШС және «Еуразиялық топ» ЖШС секілді компанияларды қоса алғанда көптеген коммерциялық құрылымдар цифрлық технологияны енгізу бойынша өз жобаларын мәлімдеді.

Қазақстанда процестерді роботтау бар

-Ал Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізіп жатыр ма әлде ол әлі бізді айналып өте ме?

- Жақында алматылық ІТ-компаниямен кездестім, ол сол жасанды интеллект бойынша зертхана құрған болатын. Олар бұлтты қызметтердің шетелдік провайдерлерімен бірге өз өнімдерін айналдырып жатыр, жасанды интеллектімен, нейронды желілермен эсперимент жасауға тырысуда, бірақ бұл ретте, олардың айтуынша, олардыің әлеуетті клиенттері олар шамадан тыс асығып жатыр, біздің нарыққа ондай әлі ерте деп санайды екен.

- Ал сіз қалай ойлайсыз? Жасанды интеллект, нейронды желілер бізге арналмаған ба?

- Бірінші, жасанды интеллектінің базалық деңгейі – процестерді роботтау- қиын емес. Ондай жобалар Қазақстанда жасалуда, оның ішінде біздер да жасаудамыз, оларға тұрақты сұраныс бар. Бұл - роботтардың қандай да бір қайталанатын күнделікті әрекетті аздаған логикамен, нұсқалықпен, мәтінді тану арқылы, түрлі қосымшалар, сайттар, кейбір есептеулер арасында ақпаратты көшіріп, қою арқылы орындауын білдіретін жобалар.

- Ал бейнелер мен нысандарды тану бойынша сервистер, әсіресе алаяқтықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамту мақсатындағылар?

- Бұл барынша күрделі деңгей, роботтың сөйлеуді сүзгіден өткізуі, бейнелерді тануы және соның негізінде шешім қабылдауы. Телеком-секторда біз телефонға роботтың жауап беретінімен кездесіп жүрміз. Алайда толыққанды, нәтижелі жобалар әзірге жоқ.
Бұл жерде өз қиындықтары бар. Мәселен, сөйлеу синтезінде –адамдар тілді араластырады: қазақ тілі мен орыс тілі, оған ағылшын тілі қосылады. Робот үшін қай тілде жауап беруді айырудың өзі қиынға соғады.

- Өндірістік компанияларға қайта оралсақ, олар жаңа ІТ-технологияға қанша жұмсауға дайын? Сіз соманың болжалды деңгейін атай аласыз ба?

- Мен оларда роботтарға немесе «цифрлық егіздерге» бөлінген бюджет бар деп айта алмаймын. Егер тендерік алаңдар бойынша қарар болсақ, жекелеген инновациялық жүйені енгізумен байланысты жобалар бір мекемеге бірнеше миллион доллар деп бағалануда. Әлемдік нарықтағы шығындармен салыстырғанда, бұл азғантай ғана сан, бұл ретте аталмыш бастаманы жүзеге асырудың нәтижесі ондаған есеге көп деп бағалануда. Қазір компаниялар қомақты қаржы бөлуге дайын емес, негізінен арзандауларынан бастайды, немесе мүлдем тегін пилоттық жобалардан, өздерінің инновациялық, зертханалық бөлімшелерінен, хакатон өткізуден бастайды.

Бізде әзірге барлығы НҚА-мен байланысты

- Сіз Ұлттық банкпен бірге қызмет етіп келеміз дедіңіз. Оны ІТ бойынша жобаларда әріптес ретінде бағалай аласыз ба?

- Біз Ұлттық банкпен араласамыз және онда көптеген өзгерістердің болып жатқанын көріп отырмыз, ІТ-мен байланысты бірқатар бағыт бойынша кадрлық құрамы нығаюда. Ұлттық банкпен жұмыс жасау қызық, дегенмн цифрлық ғасырмен байланысы жоқ кейбір бюрократиялық процедуралар әлі де бар.

- Маған Қытайдың салықтық жүйесі Қазақстанның салықтық жүйесіне қарағанда жоғары технологиялық бизнесті барынша көп ынталандыратын секілді. Бұл солай ма?

- Ұлттық банктің рөлі салықтық қызметке қарағанда маңыздырақ деп ойлаймын. Қазір алып қарайық, Қытайдағыдай, барлығы үшін табыс салығын 5% арттырайық, ал ІТ-компаниялар үшін керісінше 5% төмендетейік. Мұның Қазақстанда ІТ-компаниялардың шарықтап өсуіне алып келері екіталай, себебі олардың өнімдері мен қызметтерін қолданушылардың қалауы және одан қорықпауы керек.

- Жоғары технологиялық бизнестің дамуын басқаша қалай ынталандыруға болады?

- Егер тағы да біздің Если опять же обратиться к нашему отчету Fintech 100 есебімізге қайта оралсақ, онда биыл оған салық жүйелері бойынша, білім құрылымы бойынша, Боливия, Колумбия, Бразилия секілді әр елден ойыншылар енді. Онда оларды біріктіргені – реттеушімен өзара қарым-қатынас. Көптеген елдердегі реттеушілер реттеушілік құмсалғышты – банктер жаңа үлгілермен тәжірибе жасауға қорықпайтындай үлгілерді салды немесе салып жатыр. Бізде әзірге барлығы ұстанымдардан емес, ережелерден тұратын нормативті-құқықтық актілермен (НҚА) байланысты . НҚА ұзақ уақыт келісілуі және қабылдануы мүмкін және соңында құжат басында көзделген мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін.

- Онда жаңа технологияға бет алып жатқан банктер неге сүйенеді?

- Цифрлық трансформация, цифрлану – бұл бірінші кезекте клиентке көзделу және нарықта түрлі ойыншылармен өзара қарым-қатынас жасау. Банк қаржылық емес саламен, ІТ-компаниялармен, стартаптармен жұмыс жасағанда, қандай да бір үлгілер, қызметтер, процестер Ұлттық банктің реттеу алаңынан кетеді. Яғни бұл күлгін аймаққа қорқыныш пен тәуекелге бел буа отырып баруға тура келеді, әзірге үшінші тараптың операциялық тәуекелдерін бағалайтын нақты ұсынымдар немесе стандарттар жоқ.
Шетелде ІТ – қызмет провайдерлерін бағалау бойынша стандарттар бар және олар жетілдірілуде, соның ішінде бұлттыларын да. Бізде кей банктер бұлтқа өткілері келетінін айтады, оларға өздерінің ІТ-инфрақұрылымына қарағанда барынша сенеді, бірақ реттеушінің талаптарына сәйкес келмейміз бе деп қорқады.

- Қазақстанда KPMG нәтижесі қандай? Компаниялардың қандай бизнесі барынша табысты болып табылады? Немен айналысқан барынша пайдалы?

- Егер IT-қызметтер туралы айтсақ, негізінен бұлар бұрынғысынша ІТ-аудит жобалары, ІТ-стратегия әзірлемелері, ІТ-сәулет жобалуы. Бірақ егер сұраныстың өсімі бойынша қарасақ, онда бұл процестердің роботтануы, ақпарттарды талдау және басқару, киберқауіпсіздік. Болашақта 3-5 жылда нарықта қайтадан бұлтты қызметтерге қызығушылық, хайп артады деп ойлаймын, бірақ ол барынша жүйелі болады, компаниялар сенімді, тұрақты, қауіпсіз будандық сәулетті жобалауға барынша қызығушылық танытады – бұл ретте мәліметтердің бір бөлігі қуатты мекемелерде сақталады және өңделеді, ал бір бөлігі – сыртқы бұлтта, шетелде болуы да мүмкін.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage