Константин ЖИГАЛОВ, ҚР сыртқы істер вице-министрі:АСТАНАДАҒЫ САММИТ – ЕҚЫҰ-ның ЖАҢАРУЫНА ҚУАТТЫ СЕРПІЛІС БЕРЕДІ

 

Алматы. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының сегіз айы өтті. Қазір осы ұйымның Астанада ағымдағы жылы желтоқсанның 1-2-сінде өтетін саммитіне белсенді дайындық жүргізіліп жатыр. Осы жауапты қызметте біздің ел не істеп үлгерді және Қазақстан мен барлық ұйым саммитке немен келмекші деген ҚазТАГ сауалдарына ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан сыртқы істер ведомствосындағы ЕҚЫҰ мәселелеріне жетекшілік ететін Константин Жигаловжауап берді.

 

- 1-ші тамызда еуропалық қауіпсіздіктің принциптерін қалаған Хелсинкий қорытынды актісінің қабылданғанына 35 жыл толды. Сіздің көзқарасыңызша, 35 жылда еуропалық қауіпсіздік жүйесін реформалауда неге қол жетті, неге жетпеді деп ойласыз? Жарияланған ғаламдық «қайта жүктелу» кезеңінде ЕҚЫҰ алдында нендей жаңа мүмкіндіктер мен қандай қауіп-қатерлер бар?

 

- Өзіңіз білетіндей, 60-шы – 70-ші жылдардың бірінші жартысындағы халықаралық шиеленісті бәсеңсітудің күрделі үдерісі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесінің (ЕҚЫК)  шақырылуына әкелді. Оның аясында 1975-ші жылы Хельсинкийде Еуропаның 33 мемлекеті, АҚШ пен Канада қорытынды актіге қол қойды. Оның өзегі мемлекет араларындағы қарым-қатынас принциптерінің декларациясы болды. Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ құрамына 56 мемлекет кіреді, ал оның жауапкершілік аумағы географилық тұрғыдан Еуропадан алыс тыс жерлерге де тарайды.

Осы жылдардың бәрінде ЕҚЫҰ ең жоғарғы деңгейдегі саяси диалогтың маңызды форумы болып, өзін Шығыс пен Батыс арасындағы «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінде танытты. Енді ондай бөліну жоқ, бірақ диалогты жалғастыруға деген қажеттік сақталып отыр.

Бүгінгі күнге ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ауқымды кеңістіктегі халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың негізгі тетіктерінің бірі болып отыр.  

Бүгіндері көп жағдайда халықаралық ұйымдардың қауіпсіздік саласындағы, олардың қазіргі заманғы ғаламдық қауіп-қатерлерге лайықты жауап беру қабылетінің, ұзаққа созылған әлеуетті шиеленістерді шешудегі тиімділігінің жеткіліксіздігі жөнінде әділ сын айтылуда.  Сондықтан халықаралық қауымдастық осы ұйымдардың әлеуеті сапалы түрде жаңа деңгейге шығады деп күтуде.  

Осыған байланысты жаңа ғаламдық қауіп-қатерлерге сай тиімділікті арттыру, ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдардың әрекетін үйлестіру алдыңғы қатарға шығады. Мұндай міндет ЕҚЫҰ алдында тұр. Ол құбылып тұрған геосаяси жағдайға, жаңа заманғы қауіп-қатерлерге икемді бейімделуі тиіс.  

Дәл сондықтан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұйымның 11 жылдан бері шақырылмаған саммитін шақыру туралы бастамасының дер кезде айтылғанын атамауға болмайды. Және 3-ші тамызда ЕҚЫҰ-ның штаб пәтерінде Астанада желтоқсанның 1-2-сі аралығында осы ірі халықаралық Ұйым саммитін өткізу туралы шешім ресми мақұлданды.

 

- Астанада саммит өткізу туралы мәселеге консенсус нәтижесінде қол жетті. Ненің есебінен бұған қол жеткізілді? Және жоғарғы деңгейдегі кездесуден қандай нәтиже күтсе болады?

 

- Еске сала кетейін, президент Н. Назарбаев қаңтар айында-ақ Венадағы ЕҚЫҰ-дағы ұлықтау кеңесіндегі бейне-үндеуінде саммит өткізуді біздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыздағы ең негізгі басымдық ретінде атап көрсеткен болатын.

ЕҚЫҰ қауымдастығының барлығы үшін тарихи шешім біздің мемлекет басшымыз – президент Н. Назарбаевтың әлемдік масштабтағы саясаткер ретінде ерекше беделінің арқасында және оның бейбітшілікті қамтамасыз етудегі, қауіпсіздік пен дамудағы көптеген жылдар бойғы тынымсыз жұмысының арқасында қабылданды.

Қазақстандық дипломаттар саммитті өткізуде консенсусқа қол жеткізу үшін Ұйымға қатысушы барлық мемлекеттермен жоғарғы кәсібилік деңгейде ұстамдылық пен төзімділік таныта отырып қажырлы ерен еңбек еткенін атап өткім келеді.  

ЕҚЫҰ бойынша біздің серіктестеріміз төрағалықтың шамшыл да ширақ, ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемінде де теңгерілген, президент жариялаған төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік, ашықтық) және «толеранс» (толеранттық, төзімділік) ұраны рухында іске асырылып жатқан  бағдарламасын жүйелі түрде іске асырып отырғанымызды ризашылықпен атап отыр

Әрине, алдағы жоғарғы деңгейдегі кездесу дайын шешімдер саммиті болмайды. Ол 35 жыл бұрын Хелсинкиде басталған үрдістерді қазіргі заман шындығына бейімдеуді, ЕҚЫҰ-ның жаңаруына қуатты серпіліс беріп, біздің жүйелі түрде ілгері жылжуымыздың стартегиялық бағыты мен «жол картасын»  анықтауға үндейді.    

 

- Сіз Қазақстанның 8 ай аралығындағы төрағалығының қандай қорытындысын  айта алар едіңіз?

 

- Өзінің төрағалығының басымдығын айқындай отырып, Қазақстан екі объективті фактордан шықты. Біріншіден, ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігіндегі дәстүрлі аумағы оның географиялық ауқымының кеңеюі есебінен елеулі өзгерістерге ұшырап, тікелей Ауғанстан шекарасына тақап келді. Ондағы жағдайды біз ғаламдық қауіпсіздік тұрғысынан, лаңкестікпен күрес, діни экстремизм мен есірткі саудасы тұрғысынан қараймыз.   

Екіншіден, ЕҚЫҰ аясының өзінде қарама-қайшылықтар мен проблемалардың барлығы назарға алынды. Біз бар оң нәтижелерді бөліп алып, бекітіп және Ұйым алдында тұрған жаңа қауіп-қатерлерге лайықты жауаптарды белгілеуге ұмтылдық.

Қазақстандық төрағалық әу баста бөліп-жарарлық сызықтардан азат және онда анықтамасы бойынша күш қолдану мүмкін болмайтын, ал күш-жігер мүдде ортақтығына жұмылдырылған, қауіпсіздік деңгейі әр түрлі зоналардан азат «қауіпсіздік қауымдастығын» құруға баса назар аударды.  

Төрағалықтың басынан бастап біз ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі бойынша да: әскери-саяси, экономика-экологиялық және гуманитарлық өлшемдерде біркелкі толтырулар болуына септігімізді тигізетінімізді ашық айттық. Қазақстан өзінің бірқатар саяси ұйымға жататынына қарамай, өз алдына шын мәнісіндегі бейтарап төраға болуды мақсат етіп қойды. Осы уақытқа дейін ЕҚЫҰ-ның бір де мемлекеті Қазақстанды біреуге бүйрек бұрады деп айыптаған емес.

Қазақстандық төрағалықтың негізгі векторы – «Корфу үдерісі» аясында біз елеулі табыстарға қол жеткізгенімізді атап көрсеткім келеді.  

Аталған үдерістер аясында бірінші жартыжылдық барысында пікірталастар жүргізіліп, ол ЕҚЫҰ-ның Еуро-Атлантика және Еуразия кеңістігінде ортақ және бөлінбейтін «қауіпсіздік қауымдастығын» құрудағы негізгі рөлін сенімді дәлелдеп берді.    

Консультациялар барысында өзекті ауқымды мәселелер табысты талқыланып, қауіпсіздіктің шешіммей жатқан проблемалары идентификацияланып, аталған проблеманы шешуге және ЕҚЫҰ кеңістігіндегі елдер арасында сенімді қалпына келтіруге бағытталған көптеген ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ Ұйымның мүшелері әскери-саяси өлшемдегі бар тетіктерді қазіргі заман шындығына бейімдеу қажеттігі туралы ортақ пікірге келді. Атап айтқанда, Еуропадағы қарапайым қарулы күштер жайлы келісім (ЕҚҚКК), ашық аспан туралы келісім мен 1999-шы жылғы Вена құжаты.  

 

- Іс басындағы төрағалық ЕҚЫҰ-ның экономика-экологиялық себетін толтыру үшін қандай жұмыстар жүргізді?

 

- Бірқатар міндетті шаралармен қатыр біз бірқатар конференциялар мен іс басындағы төрағалық семинарларын  ұйымдастырдық. Биылғы шілдеде Астанада  IIIэкономикалық форумның өткізілуін ерекше атап өткім келеді. Онда ЕҚЫҰ аясында алғаш рет ғаламдық қаржылық және экономикалық дағдарыс тақырыбы талқыланды.

Есіңізде ма, форумда сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның екінші өлшемінің негізгі құжаты – ол Бостон құжаты мен ЕҚЫҰ-ның Маастрихт стартегиясы – белсенді іске асырылуын, сондай-ақ өзгерген жағдайға икемді бейімдеуді талап етіп, ал ол үшін жаңа құжатты – «Маастрих плюс» деп аталатын құжатты әзірлеуге кірісу керектігін атап көрсетті. Бұл құжат дағдарыстан кейінгі өмір шындығын ескеріп, әлемнің орта және ұзақ мерзімдік даму үрдістерінің преспективасын  ескеруі тиіс.

Одан басқа, ұлт лидері ЕҚЫҰ-ның «екінші себетін» нақты және мазмұндық толтырудың – еуразиялық толыққанды интеграция идесясымен, оның негізгі принциптері мен бағыттарын көрсететін бірыңғай құжат әзірлеу қажеттігімен  толтырудың жаңа қазақстандық бастамасын көтерді.  

Қазақстандық төрағалық сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында ЕҚЫҰ әлеуетін пайдалану үшін күш жігер жұмсауда. Атап айтқанда, Ұйымның жауапкершілігі аумағындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Арал проблемасын көтеру мәселесінде. Аталған тақырып бойынша, 12-ші қазанда Еуроаплық парламентте жоғары деңгейдегі тыңдаулар өткізу жоспарлануда.

Біз бұл саладағы маңызды шара ретінде 2010 жылдың соңында Арал бойынша донорлардың  арнайы конференциясын өткізуді жоспарлап отырмыз, оны ұйымдастыруға АҚХҚ, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы, Ашғабадта орналасқан БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы қолдау білдіріп отыр.

 

- Сіз айтып өткендей, ЕҚЫҰ жауапкершілігінің дәстүрлі аймағы географиялық кеңеюінің арқасында қатты өзгеріп, Ауғанстан шекарасына жақындап қалды. Осыған байланысты қазақстандық төрағалық «үлкен Орталық Азияға», соның ішінде Ауғанстанға қандай назар бөлді?

 

ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыздың басымдықтарын анықтап, оның бағдарламалық құжаттарын әзірлеу кезінде Қазақстан ЕҚЫҰ қызметіне ОА аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту бойынша елеулі үлес қоспақ ниеті туралы жария етті. Біз ЕҚЫҰ әлеуетін көліктік және аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, экологиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ, жаңа үнқатулар мен қауіпсіздікке төнген қауіптерге, бірінші кезекте лаңкестік мен есірткі трафигіне қарсы тұруға тартуды жоспарлап отырмыз.

Осыған байланысты Ауғанстанды қазақстандық басымдықтардың бірі ретінде атау ғаламдық қана емес, аймақтық мүдде шеңберінде алынып отыр. Біз Ауғанстан шекарасын Орта Азия елдерінің периметрі бойынша нығайту жөніндегі ЕҚЫҰ жобаларына, шекаралық ынтымақтастықты дамытуға, құқық қорғау қызметін күшейтуге, Ұйымның сарапшылық әлеуетінің шеңберіндегі басқа да мәселелерге біршама демеушілік қолдау көрсетіп отырмыз.

Биылғы жылы қазақстандық оқу орындарында мың ауған маманын даярлауды қарастыратын қазақстан-ауғанстан келісімін жүзеге асыру қолға алынды. Бұл мақсатқа 50 млн доллар бөлінді.

Бұл мемлекетке қолдау көрсету тақырыбы алда өтетін ЕҚЫҰ саммиті барысында басты тақырыптардың бірі болады делініп отыр. 56 мемлекеттің 43-і қалай болғанда да осы елді қалпына келтіруге қатысып отырғанын ескерсек, ЕҚЫҰ-ның Ауғанстан бойынша нақты шешімдерінің жоғарғы деңгейде қабылдануы, ЕҚЫҰ-ның барлық елдерінің мүдделеріне жауап беретін еді.

 

- Орталық Азия тақырыбын өрбітсек, Қырғызстандағы қақтығысты реттеудегі қазақстандық төрағалықтың ролі туралы не айтасыз?

 

- Қырғызстандағы саяси дағдарыс және осының салдарынан болған оқиғалар ЕҚЫҰ-ға, басқа халықаралық ұйымдарға, жалпы бүкіл әлем қауымдастығына осындай жағдайларға үн қату тұрғысынан алғанда нағыз үндеу тастады. Қазақстан мен Қырғызстанды тығыз тарихи, әлеуметтік-экономикалық, этникалық жақындық байланыстыратындықтан, бұл елдегі қайғылы оқиғалар біздің жанымызға батып, алаңдаушылығымызды тудырды.

Біздің ұйым Қырғызстандағы дағдарыстық оқиғаларға бірінші болып үн қатқанын атап өткім келеді. Сәуір айында Вашингтонда ядролық қауіпсіздіктің жаһандық проблемаларына арналған саммит барысында АҚШ, Ресей және Қазақстан президенттері бірінші кезекте жасалатын іс-қимылдарды уағдаласқанын білесіздер, осының нәтижесінде ЕҚЫҰ, БҰҰ және ЕО-ның белсенді араласуымен экс-президент Қ. Бәкиевтің ел аумағынан еш кедергісіз шығып кетуі туралы келісімге қол жеткізілді. Сол кездегі жағдайда бұл елдегі жағдайды реттеу үшін, оны құқықтық алаңға қайтарып, азаматтық соғысты болдырмау үшін маңызды қадам болды.

Қырғыз Республикасындағы сәуір оқиғаларының алғашқы күндерінен бастап-ақ, Қазақстан бауырлас халыққа екіжақты негізде де, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші мемлекет ретінде де қолдау мен көмек көрсетіп отыр. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында сәуір айында ҚР үкіметінің Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 3700 тонна дизель отынын бөлу туралы арнайы қаулысы шықты. Қазіргі уақытта азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдары жеткізіліп жатыр. Жалпы алғанда, 11,5 миллион АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсету жоспарланған.

Бұдан басқа, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, заң билігі мен демократияны нығайту үшін ЕҚЫҰ-ның резерв қорынан 200 мың еуро бөлінді.

Осылай болғанның өзінде, сырттан келетін көмек Қырғызстанның ішкі проблемаларын түгел шешіп бере алмайтынын түсіну керек. Сырттан келген гуманитарлық көмек те, басқа да көмек шаралары ел экономикасын көтеріп, әсіресе жастардың арасында белең алған жаппай жұмыссыздықты азайтып, жүздеген мың экономикалық мигрант пен босқынды елге қайтарып, аймақтық дамудағы өткір айырмашылықтарды жоя алмайды. Қырғызстанның болашақ тағдыры өз халқының батыл әрекеттеріне, елдің қазіргі басшылығының стратегиялық көрегендігі мен тиімді саясатына байланысты. ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдардың бұл мәселеде қолдау көрсеткені маңызды.

Қазақстандық төрағалық қырғыз жағының өтінуімен Қырғызстанда полицияның консултьтативтік тобын (ПКТ) орналастыру туралы шешімнің қабылдануына белсенді түрде қолдау көрсеткенін білесіз.

Қаруланбаған 52 халықаралық өкілден тұратын ЕҚЫҰ-ның ПКТ елде 4 ай бойы жұмыс істейді. Жағдайға байланысты бұл мерзім  Қырғызстан үкіметінің келісімімен ұзартылуы мүмкін.

Бұл топтың бірінші кезектегі міндеті – ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі орталығының әлеуетін күшейту, қырғыз басшылығына қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру, жергілікті биліктің құқық қорғау әлеуетін нығайту, этносаралық шиеленістерді азайту.

 

- Бірақ бұл шешімді көрші ел азаматтарының бәрі қолдап отырған жоқ қой...

 

- Мен мұның ең алдымен, полицияның консультативтік тобының миссиясы шын мәнінде неде екенін түсінбегендіктен екеніне сенідімін.

Жақында Қырғызстан басшылығы ПКТ орналасуына байланысты өзара түсіністік туралы меморандумды талқылау ниетін білдірді. Осыған байланысты Бішкекте ЕҚЫҰ өкілдерінің қатысуымен келіссөз өтті.

Ұйым алдағы уақытта да Қырғызстанның саяси дағдарыстан тезірек шығып, бейбіт жолмен демократиялық дамуына қажет қолдау көрсетуге дайын. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі 10 қазанда парламенттік сайлау өткізу болмақ.

 

- ЕҚЫҰ кеңістігінде ұзаққа созылған қақтығыстарды реттеу тұрғысынан алғандағы қазақстандық төрағалықтың қызметі туралы не айтасыз?

 

- Іс басындағы төраға, СІМ басшысы Қанат Саудабаев өкілеттіктеріне кіріскен сәттен бастап ЕҚЫҰ-ның дала миссиялары орналасқан аймақтардың бәрінде болып, аумақтарында созылмалы қақтығыстары бар елдерге барып қайтты. Ол ең алдымен Оңтүстік Кавказға, кейін Балкан және Шығыс Еуропаға барды.

Сапарлардың басты мақсаты жағдаймен танысу, ақпарат, бағалау мен ұсыныстар алу болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ әлеуетін қақтығыстардан зардап шеккен халықтың сенімін арттырып, гуманитарлық проблемаларын шешуге бағыттауға тырысуын барлық елдер оң қабылдады.

Сонымен қатар, Кавказдағы 2008 жылғы тамыз оқиғалары салдарынан туындаған қақтығысты шешу бойынша Женева дискуссияларының тең төрағасы бола отырып, қазіргі төрағалық осынау маңызды келіссөздерге қолдау көрсету үшін барынша күш салды. Соңғы жылдары алғаш рет Ұйымның іс басындағы төрағасы тиісті саяси шешімге қол жеткізген жағдайда бітімгершілік күштерді бағытту мәселесімен айналысатын жоғарғы деңгейдегі жоспарлау тобы сарапшыларының таулы Карабах аймағына сапарларын қайта жандандыра алды.

Днестр маңы мәселесін реттеу бойынша 5+2 форматындағы консультацияларға ерекше маңыз беріліп отыр. Қазақстандық төрағалық қақтығыстың негізгі қатысушылары мен жақтары арасында модератор функцияларын орындай отырып, 24 мамырда Астанада бейресми консультациялар өткізуді қамтамасыз етті.

Жалпы алғанда, Қазақстан ЕҚЫҰ кеңістігіндегі түрлі құрылымдардың белсенді мүшесі бола тұрып, басқа, кейде бәсекелес ұйымдарға кіретін мемлекеттермен тығыз ықпалдаса отырып, ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде бейтарап саяси менеджер болуға болатынын және сондай болып қалу керектігін дәлелдеді.


adimage