Корея президенті кеше мемсапарымен Нұр-Сұлтанға келді

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Корея президенті Мун Чжэ Ин кеше мемлекеттік сапарымен Нұр-Сұлтанға келді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапарымен Нұр-Сұлтанға келді. Сапар аясында оның Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі жақты кездесулері, сондай-ақ Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысуы жоспарланған», - делінген жексенбіде Telegram-да таратылған ҚР СІМ хабарында.
Еске салсақ, 19 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұр-Сұлтанда Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Инмен келіссөздер өткізетіні хабарланған еді.
«21-23 сәуір аралығында Корея Республикасының президенті Мун Чже Иннің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапары болады», - деп хабарлады Ақордадан.
Хабарда атап өтілгендей, келіссөздер барысында Тоқаев Оңтүстік Корея басшымен саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардың ағымдағы жадайы мен болашағын, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық күн тәртібін талқылайтын болады.

adimage