Астана.30 наурыз.ҚазТАГ- Кореяда депортациядан қашып кеткен Қазақстан азаматы үш айға қамауға алынды, деп хабарлайды «Отырар».
«3 күн бойы жасырынып жүрген екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді.. Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматына 15 жылға дейін бас бостандығынан айру жазасы тағайындалуы мүмкін»,- деп хабарлайды басылым.
Ақпаратқа сәйкес, Korea Komek қорының қолдауымен азаматтардың бірі тез арада елге қайтарылады. Олар Кореяға келулерінің басты себебі жұмыс істеп, қаражат тауып, отбасына көмектесу екенін айтқан.
Кореяда депортациядан қашып кеткен Қазақстан азаматы үш айға қамауға алынды
