Коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін жұмысқа уақытша жарамсыздық қағазын алуға болады – Алматы дәрігерлері

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – Коронавирусқа қарсы вакцина алғанннан кейін өзін жайсыз сезінген жағдайда жұмысқа уақытша жарамсыздық қағазын алуға болады, деп мәлімдеді №4 қалалық емхананың мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Гүлжан Қартаева.
«Егер вакцина алғаннан кейін науқастың дене қызуы көтерілсе, ол жұмысқа уақытша жарамсыздық қағазын рәсімдей алады», - деп хабарлады бейсенбідегі брифингте Қартаева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматыда вакцинаның 68 330 дозасы бар, 34,9 мың көлемдегі келесі транш 23 сәуірде күтілуде.

adimage