Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Коронавирус Қазақстанда ауруханаға жатқызылған 110 адамның 105-нен табылған жоқ, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
«Барлығы бүгінгі таңда дене қызуы және ЖРВИ белгілері бар 110 адам ауруханаға жатқызылған, оның ішінде 105-і жаңа коронавирустық инфекцияға тексерілді, нәтижелері теріс. 80-і шығарылды, стационарда әлі 30 адам жатыр», - деді Ахметшәріп бейсенбі күні Қазмедиаорталығында.
Оның айтуынша, стационардағылардың жағдайы қанағаттанарлық.
Еске салсақ, 2019 жылғы желтоқсан айының соңында Қытайда белгісіз 2019-nCoV вирусты тудырған пневмонияның өршуі тіркелді. Соңғы ақпар бойынша 2019-nCoV коронавирусын жұқтырғандар саны – 28 мың адамнан асқан, ажал құшқандар саны – 560-тан асқан.
30 қаңтарда хабарлағандай, Қазақстан Қытаймен автобус тасымалын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойызын (1 ақпаннан бастап) және әуе хабарламасын (3 ақпаннан) бастап уақытша тоқтатты.
Қазақстан Қытайға медициналық дәрі-дәрмек түрінде 13,6 тонна гуманитарлық көмек жеткізген.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07