Коронавирус белгісі бар пневмониядан адам өлімі Қазақстанда 345-ке жетті

Aстана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Коронавирус белгісі бар пневмониядан адам өлімі Қазақстанда 345-ке жетті, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияны жұқтырудың 20 жағдайы тіркеліп, 1 адам көз жұмды және 30 адам жазылып шықты», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда наұтыланғандай, 1 тамыздан бері тіркелгені: ауырғандар - 31168, қайтыс болғандар - 345, жазылғандар - 26739.

adimage