Алматы. 10 ақпан. ҚазТАГ – Коронавирус індетімен күресте Қытай $10,3 млрд астам жұмсады, деп хабарлады ҚХР қаржы министрлігінен.
«8 ақпандағы 18.00 жағдайы бойынша індеттің алдын алу және онымен күресу үшін бүкіл деңгейде бөлінген қаржы 71,85 млрд юань болды, ал нақты шығын көлемі 31,55 млрд юань құрады. Олардың ішінде орталық үкімет 17,29 млрд юань бөлген», - делінген ведомство хабарында.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. 10 ақпандағы мәліметтерге сәйкес, 2019-nCoV коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 40 мыңнан асады, қайтыс болғандар - 908, 3,3 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51