Коронавирус жөніндегі комиссияны үкіметтің басқа мүшелері басқаратын болды - Сапарбаев

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Коронавирус жөніндегі комиссияны үкіметтің басқа мүшелері басқаратын болды, деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
«Коронавирус жөніндегі комиссияны үкіметтің басқа мүшелері басқаратын болды», - деді Сапарбаев сейсенбідегі үкімет отырысының кулуарында.
Сондай-ақ, ол Қордай ауданындағы оқиғаның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия төрағасы болып қалатынын хабарлады.
«Ары қарай бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді», - деді Сапарбаев.
10 ақпанда хабарлағандай, Бердібек Сапарбаев Арман Оразалиевтің орнына Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. 11 ақпандағы мәліметтерге сәйкес, 2019-nCoV коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 42,6 мыңнан асады, қайтыс болғандар - 1016, 4 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты.

adimage