Коронавирус жұқтырған науқас Шымкентке Нұр-Сұлтаннан келген

Алматы. 25 наурыз. ҚазТАГ – Коронавирус жұқтырған науқас Шымкентке Нұр-Сұлтаннан келген, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.
«Коронавирус жұқтырған науқас Шымкентке Нұр-Сұлтаннан 20 наурызда келген. Ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Онымен қарым-қатынаста болғандардың барлығы оқшауландырылды, жағдайлары қанағаттанарлық. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы басшысының МА Тимурхан Варзилов.
Шымкентте коронавирусты жұқтырудың бірінші жағдайы туралы 24 наурызда белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 422 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 28 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
18 наурызда ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандарды 3,5 аптада емдеп шығуға ниетті екендерін мәлімдеді.

adimage