Коронавирустан көз жұмған Қосшы ауылының тұрғыны бұған дейін Алматы мен Шуға барған

Көкшетау. 27 наурыз. ҚазТАГ – Коронавирустан көз жұмған Қосшы ауылының тұрғыны бұған дейін Алматы мен Шуға барған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Туыстарының айтуынша, ол ЖРВИ/CVI жұқтырғандармен қарым-қатынаста болмаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған. Оның қасында болғандар анықталды, CVI сынамалары алынды. Эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде», - деді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ильясов жұма күнгі брифингте.
Медициналық мекемеге ол 25 наурызда сағат 7.00-де ауыр жағдайда жеткізілген. Кейін хабарланғандай, 26 наурызда қайтыс болған.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 428 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 19 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 121 жағдайы тіркелді. 25 наурызда екі қазақстандықтың коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған еді. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.

adimage