Коронавирусты инфекция пандемиясы кезінде Нұр-Сұлтан билігі «ЖҚЖК» туралы мақалалар үшін Т58 млн. жұмсамақ

Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Коронавирусты инфекция пандемиясы кезінде Нұр-Сұлтан билігі «Жұмыспен қамтудың жол каратсы» туралы мақалалар үшін Т58 млн. жұмсамақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі»; атауы – бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар орналастыру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – мемлекеттік саясаттың әлеуметтік маңызды және басым бағыттарын іске асыру туралы ақпараттық материалдарды газет бетінде интернет желісінде таратумен коронавирустық инфекциямен күрес кезеңінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың барысын мемлекеттік тілде жариялау; жоспарлы сомасы – Т58 035 714,28», - делінген 17 қыркүйекте мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.
Атап өтелік, аталмыш конкурс бойынша өтінім қабылдау аяқталған.

adimage