КПО 2018 жылғы тұрақты даму туралы есебін жариялады

Күні: 16:04, 16-10-2019.

Ақсай. 16 қазан. ҚазТАГ – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) 2018 жылғы тұрақты даму туралы есебін жариялады, деп хабарлады КПО баспасөз қызметінен.
«КПО 2018 жылғы тұрақты даму туралы есебін жариялады. Бұл – тұрақты даму саласындағы он бірінші есеп», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, КПО-ның тұрақты даму туралы есебі – Қарашығанақ жобасы, оның қоршаған ортаға, жергілікті халыққа және Батыс Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мүдделі тараптармен ақпарат бөлісудің маңызды құралы.
«2018 жылғы тұрақты даму туралы есепте компания үшін тұрақты даму саласындағы елеулі бағытттар, соның ішінде келесі тақырыптар бойынша ақпарат берілген: Қызметкерлер еңбегін және денсаулығын қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен активтердің тұтастығы, тәртіптің этикалық нормалары, еңбектің лайықты жағдайлары, қызметкерлерді кәсіби даярлау мен оқыту. Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар мен бағдарламалар, соның ішінде ауа сапасына мониторинг жүргізу, парниктік газдардың шығарындыларын азайту, биотүрлілікті сақтау, энергия тиімділігі, су тұтыну, қалдықтар мәселесін басқару. Жеткізілімдер тізбегі, соның ішінде жергілікті қамтуды ұлғайтуға бағытталған жобалар, әлеуметтік инфрақұрылым жобалары және жергілікті жұртшылықпен әрекеттесу механизмдері арқылы Батыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына қосылатын үлес», - деді КПО-дан.
Аталмыш есеп, компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, тұрақты даму саласындағы есептіліктің халықаралық GRI моделі стандартарының талаптарына сәйкес дайындалды.
«Соңғы жылдары КПО 2015, 2016 және 2017 жылдар бойынша жарияланған есептерде ақпарттың ашықтығы үшін RAEX ұлттық рейтингтік агенттікпен марапатталып келді. Ал 2019 жылы КПО 2018 жылғы тұрақты даму саласындағы есептердің Азиялық сайысында «Үздік экологиялық есептілік» және «Еңбектің лайықты жағдайларын қамтамасыз ету бойынша үздік есептілік» категориялары бойынша финалға қатысты», - делінген хабарда.
Есеп КПО вебсайтының «Тұрақты даму» бөліміндегі келесі сілтеме бойынша қол жетімді.


Жаңалықтармен бөлісу: