Кубада жүк көлігінің ЖКО-сы салдарынан 36 адам зардеп шекті, соның ішінде 11 бала бар

Күні: 12:50, 24-09-2018.

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Кубада жүк көлігінің ЖКО-сы салдарынан 36 адам зардап шекті, соның ішінде 11 бала бар, деп хабарлады «Известия».
«Жол апаты Кубаның батыс бөлігіндегі Консоласьон дель Сур муниципалитетінде орын алды. 40 адам тиелген жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аударылған.  <арлығы ЖКО салдарынан 36 адам зардап шекті – 25 ересек адам мен 11 бала бар. Олар ауруханаға жатқызылды», - делінген Cubadebate порталында.
Жолаушылардың бірінің айтуынша, жүргізуші тежегішті баспақ болып, рөлін бұрған, сөйтіп жүк көлігі жолдан шығып кеткен.  


Жаңалықтармен бөлісу: