Әл-Хусейния сарайында Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті», - делінген хабарда.

Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

adimage