Алматы. 28 тамыз. ҚазТАГ – ЛА 155/13 мекемесінде сотталғандардың атқару парақтары толық өндіріліп жатыр, деп хабарлайды аталған мекеменің қаржымен қамтамасыз ету қызметінің бастығы С. Жакыпова.
«ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «ЛА 155/13 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың сот үкімі бойынша қарыздарын өтеу бағытында жұмыстар жүргізілуде, әр тоқсан сайын мекеменің арнайы есеп тобынан мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тізімі алынып соның ішінде қарыздары бар сотталғандардың тізімі мекеменің бастығы әділет подполковнигі Р. Т. Габибовтың атына баянатпен баяндалады», - деді Жакыпова.
Интернет арқылы «Реестр должников по исполнительным производствам» желісіне сотталғандардың жеке тіркеу номерін енгізіп, атқару парақтары қай сот орындаушының өндірісінде екенін анықтап, тікелей сұрау жасалуда.
«Осы сұраулардың нәтежиесінде атқару парақтары келіп түсуде және мелекет пайдасына, жеке және заңды тұлғалар пайдасына қарыздары ұсатылап жіберілуде», - деп нақтылады Жакыпова.