«ЛА 155/13» мекемесінде сотталғандарды бостандыққа дайындау жоспары бойынша кездесу өтті

Астана. 31 тамыз. ҚазТАГ – «ЛА 155/13» мекемесінде сотталғандарды бостандыққа дайындау жоспары бойынша кездесу өтті, дейді мекеменің баспасөз қызметі.

«Колониядағы еңбек дағдысы – болашақтағы табыс кепілі. Осындай тақырыпта сотталғандарды бостандыққа дайындау жоспары бойынша кездесу өтті», - дейді жұмада «ЛА 155/13» мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Н. Абдешова.

Бас қосуға Алматы қаласы Түрксіб аудандық прокуратурасының өкілі Амирхан мырза, сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны Сағат Кусайнова және сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің аға нұсқаушы психологы әділет капитаны Гүлшат Даулетжановна Кенжегулова қатысып, сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін талқылады.

«Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Осы мәселені шешу үшін біз қолымыздан келгенше тырысып жүрміз, алайда көңіл қуантатындай нәтижеге қол жеткізе алар емеспіз. Осыған орай мен кәсіпкерлерді әріптестік қарым-қатынас орнатуға шақырамыз», - деді өз сөзінде сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны С. Кусайнова.

Басқосуда сөз алған Алматы қаласы Түрксіб аудандық прокуратурасының өкілі Амирхан мырза, «Қазақстан Республикасының Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы көрсету Заңы» түсіндірді және жоғарыда аталған мәселе назарда болатынына сенім білдіріп, жұмыспен қамту орталығы және кәсіпкерлер арсында байланыс орнату уақыт еншісінде екендігін атап өтті.

«Тараптардың пікірінше шағын және орта бизнес өкілдерімен қарым-қатынас орнату арқылы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге болады, тек жан-жақты қолдау және мүдделік таныту қажет», - дейді Н. Абдешова.

Фото көзі: «ЛА 155/13» мекемесінің баспасөз қызметі.


adimage