ЛА 155/13 мекемесінің қаржымен қамтамасыз ету қызметі сотталғандардың атқару парақтарын өндіруде

Алматы. 2 тамыз. ҚазТАГ – ЛА 155/13 мекемесінің қаржымен қамтамасыз ету қызметі сотталғандардың атқару парақтарын өндіруде, деп хабарлайды аталған мекеменің қаржымен қамтамасыз ету қызметінің бастығы С. Жакыпова.

«ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «ЛА 155/13 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың сот үкімі бойынша қарыздарын өтеу бағытында жұмыстар жүргізілуде, әр тоқсан сайын мекеменің арнайы есеп тобынан мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тізімі алынып соның ішінде қарыздары бар сотталғандардың тізімі мекеменің бастығы әділет подполковнигі Р. Т. Габибовтың атына баянатпен баяндалады», - деді Жакыпова.

Интернет арқылы «Реестр должников по исполнительным производствам» желісіне сотталғандардың жеке тіркеу номерін енгізіп, атқару парақтары қай сот орындаушының өндірісінде екенін анықтап, тікелей сұрау жасалуда. Осы сұраулардың нәтижесінде атқару парақтары келіп түсуде және мемлекет пайдасына, жеке және заңды тұлғалар пайдасына қарыздары ұсатылап жіберілуде.


adimage