Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 21 млн асты

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ - Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 21 млн асты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес материал дайындалып жатқанда әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 21 080 340 жағдайы анықталған, 753 467 адам көз жұмған және 13 911 408 адам жазылған.
Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, бұрынғыша АҚШ (5 415 666 адам ауру жұқтырса, 170 415 мың адам көз жұмған) көш бастап тұр, екінші орында – Бразилия (3 229 621, 105 564), үшінші орында - Үндістан (2 459 613, 48 144), төртінші орында - Ресей (907 758, 15 384), бесінші орында – Оңтүстік Африка (572 865, 11 270), алтыншы орында – Мексика (505 751, 55 293), жетінші орында – Перу (498 555, 21 713), сегізінші орында – Колумбия (433 805, 14 145), тоғызыншы орында - Чили (380 034, 10 299), оныншы орында – Испания (379 799, 28 605).
Қазақстан аталмыш тізімде Катар (114 281, 190) мен Мысыр (98 343, 6010) ортасында орналасып, 26-орынға көтерілді (27 шілдедегі ақпармен салыстырғанда) 101 848 адам жұқтырған (8 тамыздағы ақпар) және 1269 адам көз жұмған.
Атап өтелік Қытайда 84 786 адам жұқтырып, 4634 адам көз жұмған, сөйтіп бұл ел 32-орынға шықты.
Жалпы тізімде 215 ел тұр.
13 тамыздағы ақпар бойынша Қазақстанда 101 848 адам коронавирус жұқтырған, 78 633 адам жазылған, 1269 адам көз жұмған.
1 тамыздан бастап Қазақстанда КВИ белгісі бар пневмонияны жұқтырудың 15 732 жағайы, адам өлімінің 188 дерегі тіркелді.

adimage