Алматы. 25 мамыр. ҚазТАГ - Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 5,5 млн асып кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес материал дайындалып жатқанда әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 5 500 577 жағдайы анықталған, 346 719 адам көз жұмған және 2 302 057 адам жазылған.
Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, бұрынғыша АҚШ (1 686 436 адам ауру жұқтырса, 99,3 мың адам көз жұмған) көш бастап тұр, екінші орында – Бразилия (365 213, 22 746), үшінші орында - Ресей (сәйкесінше 344 481, 3541), төртінші орында - Испания (282 852, 28 752), бесінші орында - Ұлыбритания (259 559, 36 793), алтыншы орында – Италия (229 858, 32 785), жетінші орында – Франция (182,584, 28 367), сегізінші орында – Германия (180 328, 8371), тоғызыншы орында – Түркия (156 827, 4340), оныншы орында – Үндістан (138 845, 4024), он бірніш орында - Иран (135 701, 7417).
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00