Әлемдік қауымдастыққа отбасы институтын қолдауға жұмылу қажет, деп есептейді Назарбаев

Күні: 11:53, 13-11-2014.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Әлемдік қауымдастық отбасы институтын қолдауға назарын тіктеуі қажет, деп есептейді ҚР парламент мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева.
«Ажырасу, тіркелмеген некелер, түсік жасату, бала туу мен ата-ана болудан саналы түрде бас тарту секілді жағымсыз құбылыстар табиғи ұдайы өндіріс процестеріне, ақыр аяғында, тұтас ұлттың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты халықаралық конференцияның міндеттерін сәтті шешу үшін 2014 жылдан соң жаһандық қауымдастық отбасы институтын қолдау, жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақтар арасындағы байланыстарды нығайту бойынша жүйелі шараларға назарын тіктеу қажет деп топшылаймын», - деді Д. Назарбаева бейсенбі күні 2014 жылдан кейінгі кезеңге арналған халықаралық тұрғын халық және даму конференциясының (ХТХДК) іс-қимылдар бағдарламасы бойынша өткен тұрғын халық және даму жөніндегі Азия форумының (ТХДАФ) конференциясында.
Сонымен қатар ол туушылық төмендеуінің проблемаларын шешу барлық елдердің бірлескен күш-жігерін талап ететінін атап өтті.
«Бағдарламаның екі онжылдығында тұрғын халық мәселелері бойынша айқын прогрестерге қол жеткізілді. Мұнымен бірге барлық мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен мүдделі қауымдастықтың еңсеру мен өзара іс-қимыл жолдарын бірлесіп іздеуін қажет ететін проблемалар да қалып отыр. Біріншіден, ол жиынтық туушылықтың жалпыәлемдік шамасының төмендеуі. Әлем елдерінің тең жартысы халықтың теріс өсіміне ие. Әлеуметтік осал қабат халық саны ұлғайып, кем дамыған елдерден көп дамыған елдерге көші-қон ағындары өсіп келеді. Бұл үрдістер жоғары даулылығымен лаң туғызады», - деп баса айтты Д. Назарбаева.
Сондай-ақ ол тұрғын халық саласындағы жаһандық проблемалардың ішінен репродуктив денсаулықтың төмендеуін атап өтті.
«Үшіншіден, ол ғаламшарда репродуктив денсаулықтың жалпы төмендеуі. Осыған байланысты біз репродуктив денсаулық қызметтеріне деген қолжетімділік пен ана өлімі мәселелерінде халықаралық тұрғын халық және даму конференциясы мақсаттарының ары қарайғы дамуына қолғабыс етуге тиіспіз. Олар гуманистік қоғамның негізі болады және теңсіздіктің азаюына жәрдемін тигізеді. ХХІ ғасырда әйел адамдардың өмір сыйлай отырып өлуіне жол беруге болмайды. Кәмелет жасқа толмаған қыз балаларды өлім қатеріне тіге отырып күйеуге беру жол бергісіз. Орталық Азияның АИТЖ жұқтырғандар саны артып отырған аз ғана өңірлердің бірі болып отырғаны жол бергісіз», - деп толықтырды Д. Назарбаева.


Жаңалықтармен бөлісу: