Әлемнің жетекші биржаларында мұнай бағасы аздап өсті

Алматы. 26 қаңтар. ҚазТАГ - Әлемнің жетекші биржаларында дүйсенбідегі сауда-саттық негізінде мұнай бағасы аздап өсті.
Лондондағы Inter Continental Exchange (ICE) - ICE Brent Crude Futures биржасында наурыз айына жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа сараланған құны $55,88 (+0,47)/барр. болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light, Sweet Crude Oil келісімшартына наурыз айындағы мұнай фьючерстерінің орташа сараланған құны $52,77 (+0,5)/барр. болды.

adimage