Әлиакпар Мәтішев: Қазақстандық сауда желілері ресейлік тауарлардың бағаларын арзандатуы әділ болған болар еді

Астана. 21 наурыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстандық сауда желілері ресейлік рубль бағамының арзандауына барабар етіп ресейлік тауарлардың бағаларын арзандатуы керек пе, елдегі эпидемиологиялық ахуал қандай, неге Батыс Қазақстандағы Березевка аулының тұрғындарын Ақмола облысындағы Калачи аулының тұрғындары сияқты көшірмейді? Осы және басқа да ҚазТАГ сауалдарына ҚР ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиәкпар Мәтішев жауап берді.

- Комитет биылғы бірінші жартыжылдықта жоспарлы түрде қанша тексеру жүргізуі керек?

- Сауалыңызға рахмет, бірақ мен тексеруге 2014 жылы жарияланған тоқтамға қарамай бізден азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікті ешкім де алып тастаған еместігінен бастағым келіп отыр. Біз өзімізге жүктелген қадағалау- бақылау функциямызды бұрынғысынша заң шеңберінде атқарып келеміз. Денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты мәселелердің барлығы да біздің жұмыс «майданымыз». Ол дүкендердің сөрелерінде нақты көрініс тауып отыр. Бұрынғысынша, тауарлар қандай құжаттармен әкелінеді, оларды шекарада қалай тексереді және одан кейінгі тізбектерде де, айталық, сүт қорабы мен сосиска пакеті тұтынушыларға қалай түседі – мұның барлығы біздің учаскеміз. Біздің жұмыс жасайтын жеріміз – бөлшек сауда. Тоқтам күшінде бар кезде де біз тек тұтынушылардың шағымы бойынша тексеріс жасап отырдық.
Енді 2015 жылы не істейтіндігіміз туралы. ҚР ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығына сай, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалының жақсылығы тұрғысынан нысандарға 4525 тексеру жоспарланған, яғни біз 4,5 мыңнан астам тексеру жоспарлап отырмыз, мен тағы қайталап айтамын, жоспарлы тексеруіміз бар. .

- Соңғы кездері қазақстандықтардың тұтынушылар ретінде өз құқықтарын қорғау сауаттылығы артты деуге бола ма? Олар өздерінің құқықтарын қаншалықты жиі қорғай алады?

- Мен былай деген болар едім: тұтынушылардың құқықтарын қорғау – ол біз үшін өндірушілердің мүдделерінен жоғары тұратын нәрсе, оның ішінде қазақстандық өндірушілер болсын, шетелдік өндірушілер болсын бәрібір. Біз үшін айырмашылығы жоқ. Бірақ біз қанша тырыспайық, қанша тауарды жолдан алып қалмайық, бірақ тұтынушылар да жолда қалып қоймай, бізбен бірге осы тірлікке ат салысуы керек. Біз сіздермен бірге - сатып алушылармыз. Жоғарғы шенді шенеуніктер мен үй шаруашылығындағы әйелдер де - барлығы да дүкендер мен базарларға барады. Менің жеке басым қандай кеңес берген болар едім – этикеткада не жазылғанын, штрих-кодты оқып үйрену керек, әрине, ең маңыздысы екі цифр бағанына назар аудару керек. Олар – шығу мерзімі мен сақтау мерзімі.
Мен қазақстандықтардың осы тұрғыдағы білім сауаттылығын бағалай алмаймын, себебі менде қандай да статистикалық мәліметтер жоқ. Бірақ! Мен адамдардың сауаттылығын арттыру .үшін не атқарылып жатқанын білемін. Ол «ақпараттық-ағарту жұмыстары» деп аталады. Біз тұтынушылар үшін арнайы жадынаманы басып шығарамыз. Республикалық телеарналарда 24 бейнеролик сабақтар мен «Тұтынушылар мектебі» атты 12 телехабар таратылды. Оларда туристік, медициналық, көлік қызметі, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық және азық-түлік саласындағы тұтынушылардың кепілденген құқықтары мұқият түсіндірілді. Тоқсан сайын «Сіздің сарапшыңыз» атты журнал шығады. Онда тиісті сападағы тауарлар мен қызмет алу мүмкіндіктері, тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен міндеттері, сарапшылар қоғамының бағасы мен пікірлері, нақты кеңестер, комитеттің шұғыл желілік телефон номерлері туралы ақпарат бар.
Тұтынушылар құқығы саласындағы бір топ сарапшылар комитет тапсырысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша оқу-әдістемелік құрал шығарды. Біз тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы әлемдік және қазақстандық тәжірибелерді жүйеге келтіріп, меморгандар мен қоғамдық бірлестіктердің құқық қолдану тәжірибесін жазып, әрине, тұтынушылар саласындағы ҚР заңнамасының бұзғандығы үшін қарастырылған жауапкершілік туралы да жаздық.
Біз осы ақпараттық база туралы мәліметтерді оқу мекемелері мен қоғамдық бірлестіктерге таратып бердік. Ал оны зерттеп, оқып-үйрену, пайдалану керектігі - басқа мәселе. Біз адамдар көп шоғырланатын жерлерде – вокзалдарда, ХҚКО (ЦОН) – үнемі ақпапраттық насихаттау болуын қадағалаймыз.
Біз базарлардағы ақпараттық бұрыштамаларды тұтынушылар құқықтарын түсініру үшін мейлінше кеңінен пайдалануға тырысамыз. Біз «Тұтынушылардың құқықтары туралы» ҚР заңнамасына сай орындалуы тиісті сатушылардың міндеттері туралы айтамыз, тұтынушылардың құқықтарын қорғау өңірлік комитеттерінің ыстық желілерінің телефондары туралы ақпарат беріп тұрамыз. 

- Қазіргі таңда теңге-рубль жұбындағы пайда болған диспаритеттің салдарынан ресейлік тауарлардың импорты өте тиімдіге айналды. Сонымен қатар дәл сондай тауарлардың бағалары отандық сауда желілерінде төмендемей тұр. Саудагерлерді ресейлік өнімдердің бағасын адекватты төмендетуге қалайша ынталандыруға болады, әлде оларды тек моральға шақыру ғана қала ма?

- Бұл, әрине, тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің мәселесі емес, нарықтардың қызмет етуі біздің құзыретімізге кірмейді. Бірақ мен жауап берейін. Сіз айтып отырғандай, «моральға шақырудан» эффекті бола ма екен? Білмеймін, бірақ егер өндірушілер, мысалы, ЖЖМ мен электроэнергия бағасы артып жатқан кезде, олар қазір жасап жүргеніндей азық-түлік бағасын автоматты түрде түсіретін болса, бұл әділетті болар еді.

- Қазақстанға қандай да бір тауарлардың тасылуына деген тыйымдарды шешу/енгізу күтілуде ме? Бұл амал-шаралар қаншалықты тиімді?

- Бізде ондай жоспар немесе жорамал жоқ. Егер ұлттық заңнамаға және Кедендік одақ заңнамасына сәйкес, қауіп-қатерді бағалау есебінен халықтың санитарлық-эпидемиялық амандығы, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер саласындағы нормативті құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтін тауарлар анықталған жағдайда мен бұл сұраққа жағымды жауап бере аламын. Мұнда тетік мынадай уақытша санитарлық шаралар енгізіледі. Айтпақшы, Қазақстан Республикасының аумағында тасылымы мен сатылымына тыйым салынған өнімдердің тізімін комитеттің ресми сайтынан қарауға болады.

- Ақмола облысы Калачи аулының тұрғындары көшірілетін болады, бірақ Батыс Қазақстан облысы Березовка ауылы тұрғындарының көшірілетін түрі жоқ. Қос жағдай бойынша комитеттің көзқарасы қандай?

- Калачи және Березовка ауылдарының тұрғындарын көшіру-көшірмеу жайы ол әрине, тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің құзыреті емес. Бірақ, менің ойымша, бірінші кезекте қоршаған орта мен осы ауылдардың тұрғындарының денсаулық халі арасындағы ықпал байланысын анықтап алып, оны ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, сосын алынған нәтижелерге қарай отырып әрі қарайғы шешімді қабылдау қажет. 

- Энергетикалық сусындар жөніндегі зерттеуді қашан аяқтау жоспарлануда?

- Біз өз міндетімізді жүйелеу мен тәртіп орнатудан көреміз. 2015 жылдың 15 ақпанынан бері энергетикалық сусындардың қауіпсіздігін растау формасы деп сәйкестік декларациясы есептеледі. Энергетикалық сусындар бойынша Кеден одағының жеке регламенті бар, 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО КР 021/2011). Осы құжат бойынша энергетикалық сусындардың микробиологиялық және гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштері зерттеледі, соның ішінде уландырғыш элементтер мен сергітетін заттар және ас қоспаларының құрамы да бар. Егер алкогольдің зияндығы туралы көп зерттеу жүргізілген болса, энергетикалық сусындардың зияндығы жайлы тым аз. Алайда, энергетикалық сусындарда сахароза да, кофеин де бар екені және оның сусынды тәттілендіру үшін қолданылатын фруктоза мен глюкозаға қарағанда психостимулятор ретінде саналатыны белгілі. Ұйқышылдықты азайтады, шаршаумен күреседі, жұмысқа қабілетіңді арттырады, тамыр соғысын тездетеді және т.б. Қарапайым кофеин дозасының күші шамамен үш сағатқа созылады, дегенмен ол баяу шығады, сондықтан, егер қайтара қолданатын болсаң, дозаны артық беруің ықтимал.

- Қазақстандағы ағымдық эпидемиялық ахуал қаншалықты? Асқынусыз көктемді күтуге бола ма?

- Сіздің бірінші сауалыңызға бір сөзбен жауап бере аламын «тұрақты». Қазақстандағы жұқпалы ауру жөніндегі эпидемиялық ахуал 2015 жылдың 2 айында орнықты қалыпта. Біздің мамандар аурудың 15 түріне шалдығу жайттарын тіркеген жоқ, кәсіби тілде олар нозологиялар деп аталады: тырысқақ, іш сүзек, қылау, оба, туляремия, топалаң, дифтерия, сіреспе, безгек, полиомиелит, қызамық, кене вирустық энцефалиті, D, E гепатиттері, риккетсиоз.
Құтырған, листериоз, лептоспироз, БСГБ (бүйрек синдромды геморрагиялық безгек), трихинеллез, С гепатитіне шалдығудың бірен-саран жайттары тіркелді.
Егер былтырдың қаңтар-ақпанына қарайтын болсақ, А гепатитімен ауырудың 3,3 есе төмендеуі туралы айтуға болады, ротавирусты энтериттер 35,7%-ға, бактериялы дизентерия 21,2%-ға, сальмонеллез (қылау) 19,8%-ға азайған. Бактериялы тамақ уланулары 14,6%-ға төмендеген, өткір ішек инфекциялар тобы 14,3%-ға, өкпе құрты (туберкулез) 4,9%-ға, мерез 12,5%-ға. Бұл сандарға түсініктеме беріп жатпаймын, олар онсыз да білініп тұр.

- Ауыл шаруашылық министрлігінің жақында өткен жиналысында тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің өз алдына қойылған міндеттерді атқара алмай жатқандығы жайлы пікір және Роспотребнадзор экс-басшысы Геннадий Онищенкодан үлгі алу кеңесі айтылған. Сіз осы мәлімдемелерге қалай түсініктеме берер едіңіз?

- Бізді Геннадий Григорийұлымен салыстыру онша орынды емес, оның мұрты жоқ... Ал егер салмақты қарасақ, онда ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитеті бүгінде қолда бар заңнамалық базаның аясында ғана жұмыс жасайды. Қазақстандық тұтынушыларды сапасыз импорттық өнімдерден қорғауға қатысты айтсақ, онда мен тағы бір мәрте атап өтейін, біз үшін тұтынушылардың мүддесі өндірушілердің мүддесінен жоғары. Ол өндірушілер шетелдік болсын, әлде отандық болсын, маңызды емес.

- Сұхбатыңыз үшін алғыс айтамын!

adimage