Әлихан Смаилов ЕЭК кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Алматы. 18 сәуір. ҚазТАГ – Премьер-министрдің бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі Әлихан Смаилов Еуразия экономикалық комиссия кеңесінің Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ЕЭК кеңесіндегі Қазақстан өкілі етіп Ә.Смаиловты тағайындау туралы жарлыққа ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған», - делінген хабарда.
Еске салғандай, ЕЭК кеңесі ЕАЭО-да интеграциялық процестерді жалпы реттеуді, сондай-ақ комиссия әрекетіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
«Комиссия кеңесіне әр мүше мемлекеттен бір өкілден кіреді. Ол үкімет басшысының орынбасары болуы және оған өз мемлекетінің тиісті заңнамасымен қажет өкілдіктер берілген болуы керек», - делінген хабарда.

adimage