Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ - Әлихан Смаилов Қазақстан Республикасы қаржы министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Смаилов Әлихан Асханұлы Қазақстан Республикасы қаржы министрі болып тағайындалсын. Ол ҚР президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын», - делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Бұған дейін Ә.Смаилов 2015 жылдың желтоқсанында мемлекет басшысының жарлығымен ҚР президенті көмекшісі болып тағайындалған еді.
ҚР алдыңғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов болған еді, ол Алматы қ. әкімі болып тағайындалды.
Әлихан Смаилов ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
