Әлішер Әпсәләмов «Қайрат» ФК бас директоры қызметінен кетті

Күні: 12:22, 08-01-2019.

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – «Қайрат» футбол клубының бас директоры Әлішер Әпсәләмов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлады команданың ресми сайтынан.
«Еңбегі үшін Әлішерге алғыс білдіреміз, соңғы екі маусымда ол осы лауазымда табысты қызмет етті. Оның жетекшілігімен көптеген жұмыстар атқарылды. Әлішер өз ісінің кәсіби маманы, футболдың қыр-сырын білетін, оны сүйетін жауапты әрі іскер басшы», - деп келтірілген баспасөз парақшасында клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың сөзі.
Оның ақпарынша, Ә. Әпсәләмов қызметінен өз еркімен кеткен.
Сондай-ақ, ФК сайтында жарияланғандай, «Қайрат» ФК бас директоры міндетін атқарушы болып Марат Баймұханов тағайындалған.
М. Баймұханов алматылық клуб құрылымындағы жұмысын 2015 жылы бастаған. Соңғы төрт жыл ішінде ол команда бастығы және әкімшілік-шаруашылық істер департаментінің директоры болған.


Жаңалықтармен бөлісу: