Әлішер УСМАНОВ, ресейлік миллиардер: ҚЫРҒЫЗ БАУЫРЛАРЫМДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН

 

Бішкек. 13 мамыр. ҚырТАГ - Қайыргүл Урумканова. Соңғы уақытта Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік бизнесмен, миллиардер, ұлты өзбек Әлішер Усмановтың есімі жиі айтылуда. Оның бәрі 2010 жылы жазда Қырғызстанның оңтүстігінде болған оқиғаларға байланысты. БАҚ –тың белгісіз ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, «миллиардер Усманов» Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғалар үшін қырғыздардан кек алу мақсатымен Тәжікстанның тауларындағы «жалдамалыларды» қаржыландырған-мыс. ҚР оңтүстігіндегі геноцид туралы баяндайтын «Қорқау қасқырдың сәті» («Час шакала») кітабының жарық көріп, 400 000 дана көлемде көбейтілуі туралы ақпарат жарияланбай жатып, алып-қашпа сөзді негізгі дереккөзі ретінде пайдаланған БАҚ бұған да миллиардер А.Усмановтың қатысы бар деп қорытындылады.  

ҚырТАГ ақпарат агенттігі ҚР-дың оңтүстігіндегі оқиғалар туралы пікірін, өзінің есімі аталатын ақпарат-хабарларға қатысты көзқарасын білу үшін Әлішер Усмановтың жеке өзіне хабарласуды жөн көрді.

 

- Әлішер Бұрханұлы, неліктен бұл мақалаларда Сіздің есіміңіз аталады?

 

- Мені бұл ақпарат қатты таң қалдырды. Мен соңғы уақытта Қырғызстанда мүлдем болмасам, адам ондай істерді қалай жасайды? Бала кезімде мен Қырғызстанда, Арсланбобада жыл сайын демалатынмын. Бұл менің сүйікті жерлерім еді, ал енді онда да бара алмаймын, өйткені мені қылмыскер деп жариялап отыр!

 

- Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғалар туралы не ойлайсыз?

 

- Қырғыз бауырларымды қатты жақсы көремін. Қырғыздардың өзбектермен бауырластық қатынастарын сақтап, бірге өмір сүруге ерік-жігері жетеді деп үміттенемін. Мені айыптап жатқандар – азғындар, арандатушылар, Құдай жазаларын берсін олардың. Объективті ақпарат таратпай ма, бұған менің қатысым қанша?! Ташкентте тұрған аз уақытты есептемегенде, соңғы 40 жыл бойы Мәскеуде тұрып келемін, Мен туралы жалған ақпарат жариялаған сайттардың бірі кешірім сұрады. Бұл – далбаса сөз, арандату. 

Қайғылы оқиғалар болғанда (маусым айында Қырғызстанның оңтүстігінде болған оқиғалар – ҚырТАГ), мен Ресей ТЖМ арқылы қырғыздарға көмек ұйымдастырдым. Азық-түлік, шатырлар жөнелттім, сонда да Қырғызстанда ешкім де менің атымды қорғап, рахмет айтқан да жоқ. Мен елшіге, Ресей мен Қырғызстан СІМ-деріне хабарластым, Қырғызстанның ІІМ жоққа шығарып, хабар таратты. Тағы не істеуім керек?

Бұл мыңдаған отбасына қайғы әкелген оқиға болды. Ең бастысы, енді сіздің мемлекеттің жағдайды анықтау үшін бар күшін салуы. Мен Наманганда тудым. Онда болып жатқанның бәрі мен үшін жақын.

Кітаптардың жариялануына («Қорқау қасқырдың сәті- ҚырТАГ) еш қатысым жоқ. Бұл - біреудің арадатушы әрекеттері, Құдай жазаларын берсін. Ресми органдардың қол қусырып отырғаны мені таң қалдырады?

 

Әлішер Усманов 1953 жылдың 9 қырқүйегінде Өзбек ССР, Наманган облысының Чуст қаласында дүниеге келген. Ресейлік бизнесмен, ірі металлургиялық кәсіпорындар – Михайловский және Лебединский тау-кен байыту комбинаттарының, «Металлоинвест» холдингіне кіретін «Уральская сталь», Оскольский  электр-металлургиялық комбинаты иелерінің бірі.

Forbes журналы 2011 жылы оның $17,7 млрд байлығы бар деп жариялаған (әлем бойынша 35-ші саты, Ресейде 5-ші).


adimage