Үлкен Алматы өзенінің су алабында алдағы күндері қар көшкіні жүруі мүмкін

Күні: 18:44, 03-04-2019.

Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – Үлкен Алматы өзенінің су алабында 4-8 сәуірде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Улкен Алматы су алабында (2100 метр жоғары биіктігіне) 4–8 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін. Қар көшкіні жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: