Үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ –Үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсынан.

«Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген», - делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған.

Хабарда атап өтілгендей, қазіргі уақытта күдікті қамауда

adimage