Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні қаупі сақталады

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне байланысты Улкен Алматы (2700 метр жоғары биіктігіне) және Кіші Алматы (2400 метр жоғары биіктігіне) су алабтарында 27 сәуір – 2 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Қар көшкіні жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар», - делінген жұмада таратылған хабарда.

adimage