Лондонда кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бейсенбіде алтынның бағасы түсті

Күні: 10:41, 28-09-2018.

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1185,4 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 10,6-ға түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1013,99 (-6,92), британ фунтымен есептегенде 902,56 (-9,03) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: