Лондонда бейсенбідегі кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Күні: 10:11, 21-12-2018.

Алматы. 21 желтоқсан. ҚазТАГ– Лондонда бейсенбі күні банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1259,75 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 4,75-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1100,77 (+7,04), британ фунтымен есептегенде 995,45 (+6,76) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: