Лондонда бейсенбі күні кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтын бағасы қымбаттады

Күні: 09:38, 15-02-2019.

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ – Лондонда сәрсенбі күні банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1311,45 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 5,8-ге өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1161,29 (+2,79), британ фунтымен есептегенде 1025,82 (+8,33) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: