Лондонда дүйсенбі күні кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтын бағасы қымбаттады

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ– Лондонда дүйсенбі күні кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1522,1 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 2,6-ға өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1385,11 (-0,37), британ фунтымен есептегенде – 1225,9 (+3,77) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

adimage