Лондонда сәрсенбідегі кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы қымбаттады

Күні: 09:44, 14-02-2019.

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ– Лондонда сәрсенбі күні банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1313,8 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 2,65-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1161,7 (+2,91), британ фунтымен есептегенде 1017,16 (-0,29) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: