Алматы. 5 наурыз. ҚазТАГ– Лондонда сейсенбі күні кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1285,4 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 2,05-ке түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1135,01 (-0,13), британ фунтымен есептегенде 974,33 (+1,4) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.
Лондонда сейсенбі күні кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтын бағасы арзандады
