Лондонда сейсенбідегі кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Күні: 09:20, 14-11-2018.

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ– Лондонда сейсенбі күні банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1202,1 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 4,55-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1066,74 (+0,56), британ фунтымен есептегенде 928,14 (-0,56) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: