Лондонда сейсенбідегі кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы арзандады

Күні: 09:29, 12-12-2018.

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ– Лондонда сейсенбі күні банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1245,3 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 2,95-ке түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1098,35 (+1,76), британ фунтымен есептегенде 990,64 (+1,65) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: