Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Күні: 17:22, 14-10-2014.

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1233 болды.
Дүйсенбідегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $4-ке өсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 974,549 (+5,688),  британ
фунтымен есептегенде 772,411 (+8,44) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: