Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Күні: 16:59, 17-10-2014.

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1238 болды.

Бейсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $0,25-ке өсті.

Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 966,885 (-4,966), британ фунтымен есептегенде 769,613 (-3,932) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: