Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Күні: 16:55, 21-10-2014.

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1251,75 болды.

Дүйсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $7,25-ке өсті.

Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 978,847 (+4,526), британ
фунтымен есептегенде 774,167 (+3,006) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: