Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Күні: 17:12, 03-11-2014.

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1170,75 болды.
Дүйсенбідегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $6,5-ке өсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 936,9 (+5,575),  британ
фунтымен есептегенде 731,902 (+2,696) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: