Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Күні: 18:27, 06-11-2014.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1144,5 болды.
Дүйсенбідегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $2,5-ке өсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 914,941 (-0,05),  британ
фунтымен есептегенде 717,105 (+1,566) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: