Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Күні: 19:17, 10-11-2014.

Алматы. 10 қараша. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1172 болды.
Сейсенбідегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $17,5-ке өсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 938,2 (+9,399), британ фунтымен есептегенде 737,246 (+8,246) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: