Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өсті

Алматы. 18 тамыз. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1202 болды.
Сейсенбідегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $19,5-ке өсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 959,681 (+10,644), британ фунтымен есептегенде -767,806 (+11,296) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

adimage