Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

Күні: 16:24, 15-10-2014.

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1223,5 болды.
Дүйсенбідегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $11,25-ке түсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 967,576 (-7,278),  британ
фунтымен есептегенде 768,627 (-6,775) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: