Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті
Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1246,75 болды.
Дүйсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $3,5-ке түсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 982,08 (-0,203), британ
фунтымен есептегенде 777,663 (+3,323) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.