Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1228,25 болды.

Дүйсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 0,5-ке түсті.

Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 967,583 (+0,748), британ фунтымен есептегенде 762,225 (+0,682) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

adimage