Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

Күні: 17:00, 30-10-2014.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1205,75 болды.

Сәрсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 17,75-ке түсті.

Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 958,085 (-0,921), британ фунтымен есептегенде 753,594 (-4,038) болды.

Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: